Басты бет / Заң / қылмыстық құқық және іс жүргізу, криминалистика / Досумбекова Мейрманкул Тилешовна

Досумбекова Мейрманкул Тилешовна

Лауазымы: оқытушы
қылмыстық құқық және іс жүргізу, криминалистика
       Досумбекова Мейрманкүл Тілешқызы 4 маусым күні Түркістан облысы Ордабасы ауданы Ақжол ауылында дүниеге келген. 2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін бітіріп, 2005 жылы магистратураны үздік дипломмен тәмамдады. Келесі пәндері бойынша семинарлық сабақтар жүргізеді: «Қылмыстық іс-жүргізу құқығы», «Қылмыстық құқығы», «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері», «Қылмыстық-атқару құқығы», «Ұлттық қауіпсіздік негіздері». ККСОН ұсынған ғылыми басылымдарда бірнеше ғылыми мақалалары жарық көрген. 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс- жүргізу және криминалистика кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарады. Факультет пен университет деңгейінде өткізілетін барлық іс-шаралар мен конференцияларға белсенді қатысады. Досумбекова М. Т. ұқыпты, жауапкершілігі жоғары, студенттер мен кафедраның профессор- оқытушылар құрамы арасында беделге ие. Қылмыстық құқық, қылмыстық іс-жүргізу және криминалистика кафедрасы студенттерінің кураторы-эдвайзері болып табылады. Жетістіктері: – Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға 80 жыл» медалімен марапатталған. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дамуына қосқан үлесі және ғылым мен жоғары білім саласындағы айрықша еңбегі үшін «FARABI» алтын медалімен марапатталған (2025 жыл). – Криминологиялық ғылымды дамытуға, құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі және Қазақстан криминологиялық қауымдастығының қызметіне белсенді қатысқаны үшін төсбелгісімен марапатталған (2025 ж.).
Бірінші жоғарғы білімі
Білім беретін мекеме Квалификация Аяқталу күні
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ Магистратура 2005
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ Жоғары 2003
Scopus
Автордың құжаттары
Дәйексөздер
H-index
0
0
0